Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Моңғолия мүфтиі: АРҒЫ БЕТТЕГІ АҒАЙЫН ҚМДБ-НЫҢ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНЕДІ (ФОТО)
19 наурыз, 2019 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, қандасымыз, мүфти Батырбек қажы Хадысұлын қабылдады. Ресми кездесуге ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров қатысты.

Қадірлі қонақ жаңа ғимаратқа қоныс аударған Бас мүфтиді, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымын құттықтап, шынайы тілеулестігін білдірді.

Кездесуде мүфтилер діни татулық, қазіргі сын-қатерлермен бірлесе күресу, салт-дәстүрді жаңғырту, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алысты. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттер мен имам-молдаларға қолдау көрсету шаралары жалғаса беретінін жеткізді.

«Біз, Моңғолияның діндар қауымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына әрқашан тілеулестік білдіріп отырамыз. Сіздердің қамқорлықтарыңызға айрықша алғысымды білдіремін. Арғы беттегі ағайын ҚМДБ-ның қолдауын әрқашан сезінеді», – деді Б.Хадысұлы.

Бас мүфти Моңғолия мүфтиіне Астанада 2019 жылдың 11 сәуірінде өтетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Ресей мүфтилер Кеңесінің бірлесе ұйымдастыратын «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияның мақсаты жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Батырбек Хадысұлын айтулы шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.

Мәртебелі мейман мүфтияттың бұл игі бастамасына тілеулестік білдірді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары