Ақмола облыстық Науан Хазірет мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Көктем шуағы» атты фестиваль өтті. Ауқымды шараға 200-ге тарта қыз-келіншектер қатысты. Қолөнер бұйымдары, қолдан пісірілген тәттілер мен түрлі торттар, орамалдың түр-түрі, косметолог мамандар, хнамен сурет салу және сәнді көйлектер көрсетілімі және тағы да басқа сан қырлы өнер көрсетіліп, келген қонақтар қызыға тамашалады. Әсіресе, орамал тағу шеберлігі мен арнайы мамандардың бет әрлеуі қыз-келіншектерге ерекше әсер қалдырды. Сонымен ұатар, ұтыс ойындары ойнатылды. Ал, ұтыстардың ішінде 2 кісіге арналған кешкі ас, фитнес залға тегін жолдама, массажға тегін сертификат және тағы да басқа құнды сыйлықтар болды. Шара соңында осы 10 күндік барысында ұйымдастырылған барлық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.
Пікірлер