Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық марафоны өтеді
18 наурыз, 2019 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Астана қаласында 24-наурыз күні тұңғыш рет «AstanaNauryzMarathon» атты жүгіруден қайырымдылық марафоны өтеді. Қайырымдылық шарасына кез келген адам қатыса алады. Алдымен қатысушы өзінің еркімен мен мүмкіндігіне қарай жүгіру қашықтығын таңдап, соған сәйкес жарна төлеуі тиіс.

Яғни, марафон ережесіне сәйкес 500 метрге жүгіремін деуші 5000 теңге, 5 шақырым 7000 теңге, 10 шақырым 7000 теңге, 21 шақырым 7000 теңге көлемінде ақша төлейді.

«Жүгіру марафонына 2-2,5 мың аралығында адам қатысады деп жоспарлануда, сондай-ақ, жүгіру жарысына кәсіби желаяқ марафоншылар да шақырылып отыр. Шарадан түскен қаражаттың жартысы қайырымдылық мақсатына жұмсалады. «AstanaNauryzMarathon» марафоны өтетін тас жол IAAF/AIMS ережесіне сәйкес аккредиттелген мамандармен сертификатталған», - делінген марафонның ресми сайтында.

«AstanaSportLife» компаниясының ұйымдастыруымен өтетін спорттық шараға Астана қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.  Айта кетейік,«AstanaNauryzMarathon» қайырымдылық марафоны қаладағы Триатлон саябағында (Б.Момышұлы, 2) өтеді.    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары