«Қасым қажы» мешіті мен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі Қасиетті Ережеп айы құрметіне ауызашар ұйымдастырды. Ауызашарға Павлодарский ауылының әкімі, мешіт жамағаттары, қаланың қадірлі азаматтары және жас буын өкілдерін қатыстырып барлығы 150-ге жуық адамға ауызашар жасады. Ауызашар дастарханында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Ж.Бертымұратов Ережеп айы, көрісу, сәлемдесу дәстүрі туралы уағыздар айтып, ата-бабалар рухына Құран бағыштап дұға жасады.
Сонымен қатар келген көпшілікке «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің тарихы, мақсаты жайлы қысқаша бейне ролик көрсетілді.
«Оқу орынның ашылғанына 10 жылдан асты. Бітіріп шыққан түлектер дін қызметіне, Исламтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда ел сенімін ақтау үшін медресеміз білікті де білімді дін мамандарын даярлауда. Алдағы уақытта «Медресе-колледж» статусын алуды көздеп отырмыз. Медресе-колледж болған жағдайда колледж стандартына ие болған діни оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрлігінен белгіленген бағдарлама бойынша дәстүрлі діни бағытта және орта білім беру мекемелерінің талабына сай болу үшін ғылыми бағытта да білім алатын болады. Бұл елімізде біліктілігі жоғары дінтанушы мамандар тәрбиелеуге жол ашады», - деп атап өтті өкіл имам Жолдас Бертымұратов.
Пікірлер