
ҚМБД Төрағасының орынбасары Алау қажы Әділбаев Отырар ауданына сапармен болды. Шәуілдір ауылындағы мешіттер мен имамдардың жай-күйімен танысты. «Арыстан баба» кесенесінде зиярат етіп, марқұмдарға Құран бағыштады.
Наиб Мүфти «Есен ана» мешітінде білім алудың артықшылығы жайында насихат айтты. Шариға т мәселесі бойынша жамағаттың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Рухани әңгіме дастархан басында жалғасын тауып, ғалым ұстазға жамағат ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер