«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор, Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Құрметті мейманды ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы мешітті аралатып таныстырған соң, ректор мырза мешіттің кітапханасында кездесу жасады. Шараға өкілдіктің бастамасымен ашылған «Өскемен гуманитарлық колледжінің» «Исламтану» мамандығы бөлімінде оқып жатқан шәкірттер және ұстаздар қатысты.
Өкіл имам мәртебелі қонаққа мемлекет тарапынан жасалып отырған осынау игі бастама туралы айтып өтті.
Ректор мырза өкілдікке алығс білдіре отырып, студент жастарға діни білім алудың маңыздылығы турасында тағылым айтып, білімге талпынған жастарға барынша қолдау көрсететіндігін білдірді.
Пікірлер