Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық корпоративтік қоры «Жақсылықта жарысайық» шарасын жалғастыруда
11 наурыз, 2019 жыл 65 Басып шығару нұсқасы

Қаситетті Рамазанға таяп қалғанымызды еске салатын, құрметті айлардың бірі Ережеп айы басталғаны белгілі. Адамдар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға асығуда.

Осылайша, өткен демалыс күндері астаналық демеушінің көмегімен мұқтаж жандарға 5 (бес) тонна картоп үлестірілді. Олардың арасында қордың тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған, қарамағында мүгедек балалары бар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар және «Астана» медресесінің шәкірттері.

«Зекет» қорының басшылығы демеуші болған қайырымды жанға шын жүректен алғысын білдіріп, ісіне береке тіледі. Көмек алған отбасылар өз кезегінде бұндай қайырымдылық шарасына қуанып, атсалысқан барлық азаматтарға алғыстарын жаудырып жатты.

Егер сіздер мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын болсаңыздар, «Зекет» корпоративтік қорының мына номеріне хабарласуыңызға болады: 8 775 417 19 12

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары