
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан еліміздегі мешіттерге берген тапсырмаларының төрт бағытының бірі қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Осы орайда Аягөз қалалық мешіті демеушілер көмегімен, жылдағы үрдіспен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған елуден астам отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті заттар салынған қаптар жиынтығы үлестірілді.
Мешіт жанынан құрылған «Жастар бөлімі» имамдарға жәрдемдесіп, азық-түліктерді бірге таратысты. Осындай ізгілікті шара алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.
Пікірлер