Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ:  Алтын құрсақ аналар ардақталды (ФОТО)
11 наурыз, 2019 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Бүгін  Шымкент қаласы,  Әл-Фараби аудандық « Абдулхамид Қаттани» мешітінің ұжымы «Аналарды ардақтайық» шарасын ұйымдастырды.

Шара аясында  Әл-Фараби  аудандық мешіттің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қажы Нұрматұлының қатыуымен қалада бірнеше жылдардан бері жеке  кәсіппен айналысып, көпшілікке үлгі болып, өз жұмысын өрге домалатып отырған ақ жаулықты, алтын құрсақты аналармен қыз-келіншектердің басын қосып,  аналар мерекесі күнімен арнайы құттықтап, сый-сияпат тарту етілді.

Жалпы, аналарымызды құрметтеу туралы ардақты Пайғамбарамыз (с.а.с):  «Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы» ( Имам Ахмад). «Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны»,- деп баян еткен (Ибн Нәджар).

Сондай-ақ,  басқосу аясында Шымкент қаласы орталық мешітінің жанында құрылған әйел-қыздар секторының жұмысымен таныстырды.

Аналарымыз аман болсын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары