
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің ұйымдастыуымен қайырымдылық шарасы болып өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен отбасы 35 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда ұн, қант, күріш, макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдік майы т.б.
Аталмыш шара барысында мешіт имамы Ғалымжан Назаров, наиб имамы Манас Құрбанбековтер сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.
Пікірлер