
Бүгін Түркістан облысы, Білім басқармасы әдістемелік орталығының бастамасымен Шымкент медресе колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» тақырыбында IV облыстық ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференцияны Түркістан облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ бөлім басшысы Н.Әбдешова ашып берді. Медресе-колледждің директоры Ә.Талғат сөз сөйлеп, оқытушы ұстаздар баяндама жасады.
Конференцияға заманауи мазмұнды әлеуметтік маңызды зерттеулер ұсынған Шымкент медресе-колледжінің оқытушысы Абдурахманов Руслан 1-ші орын иеленіп І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал, конференцияны жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін Шымкент медресе-колледжінің директоры Әсембай Талғат Түркістан облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының басшылығының алғыс хатымен марапатталды.
Пікірлер