
Маңғыстау облысына қарасты мешіттерде өкіл имам Смайыл Сейтбековтің бастамасымен қолға алынған шара Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылдық мешітінде өз жалғасын тапты.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 12 мешіттен келген жастар өз күштерін сынады. Командаға бөлініп шағын футбол ойнап, арқан тартысып жақсы ойын көрсетті.
Шара соңы берекелі дастарханға ұласты. Жүлделі орындардан көрінген жастарға сыйлықтар табыс етілді.
Пікірлер