Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мерейлі Мәуліт Нұр-Мүбарак университетін нұрландыра түсті
10 желтоқсан, 2018 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінде биылғы Мәуліт мерекесін «Сағындырған адамзаттың асылы» деп атады. Қасиетті Құран оқылғаннан кейін беташар сөз сөйлеген ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди:

«Кез келген халықтың, ұлттың өздері құрмет тұтып, қадірлейтін тұлғалары болады. Бірі ғылым, бірі әскери, әдебиет, түрлі салада болады. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ сондай асыл қасиеттердің барлығын бір бойына жинаған. Ол ﷺ күллі адамзатқа тәрбие берген ұлы ұстаз, - деп пайғамбардың асыл қасиеттеріне тоқталды.

Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаевтың:

«Адам табиғатында, болмысында біреуге еліктеу, ұқсау қасиеті бар. Содан адамзат ішінен Алла Тағала Мұхаммедті ﷺ жіберді. Сондықтан бұл жай ғана мәуліт кешін өткізу емес, рухани азық алып, Алла Елшісімен ﷺ жақынырақ таныса түсу», - деді. Мәуліт кешінде студенттер өздері шығарған өлеңдерінен, күмбірлеген күйден шашу шашты.  

Мерекелік кештің қадірлі қонағы белгілі жазушы Смағұл Елубай жүрекжарды лебізін білдіріп, университет ұжымына ризашылығын білдірді. Мерейлі мәуліт кешіне Алматыдағы Қарттар үйінен бір топ қонақ келіп, ғибратқа толы көрініс, сөздерден ерекше толқып, алғыстарын жаудырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары