Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Еліміздің Бас мешітінде Мәуліт оқылды (ФОТО)
08 желтоқсан, 2018 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде сүйікті пайғамбарымыз туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт мерекесі  ұйымдастырылды. Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын бүгін Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.

Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері жұма намазына жиылған жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл тұңғыш рет мешіт жамағатына Пайғамбарымыздың сүйікті сүннеттерінің бірі – миск пен мисуак таратылып, Пайғамбарымызға салауат мәтіні жазылған парақшалар үлестірілді. Айта кетейік, еліміздің Бас мешітінде бұған дейінгі Мәуліт мерекелерінде Алла Елшісінің сүйікті жемісі – құрма тарату дәстүрлі үрдіске айналған болатын. Осылайша, биылғы мәуліт «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты үшін тағы бір тың жаңалығымен ерекше есте қалатын болды.

«Жәннатқа жетелейтін жол» тақырыбында айтылған жұма уағызынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ортаға шығып, жамағатқа бүгінгі Мәуліт мерекесінің мән-маңызы жайында тағылымды насихат айтып, мыңдаған жүректерде Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік сезімін оятты. Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, Мұхаммед пайғамбарымызды шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін де көркем түрде жеткізді.

Бұдан соң алып мешіт ішін лық толтырған жамағат Мәуліт тыңдап, Пайғамбарымызға сансыз салауаттар жолданды. Қасиетті жұма күніне орайластырылған Мәуліт мерекесі осылайша жүректерге иман нұрын толтырып, Сүйікті Пайғамбарымызға деген сағыныш сезімін еселеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары