
Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқитын шымкенттік, түркістандық (бұрынғы оңтүстікқазақстандық) студенттермен кездесті.
Қос өкіл имам олардың әрбірінің жағдайы, оқу барысы, үлгерімі т.б. жағдайларымен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады.
Сондай-ақ, өз студентерімізге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы мн Түркістан облысы өкілдіктері тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулар болып жатқанын айтып өтті.
Кездесу барысында «туған жерге туыңды тік» бастамасы аясында оқу бітірген әрбір студент алдымен өз ауылыңнан бастау қажет екендігіне айрықша тоқталды.
Мұнымен қатар, суденттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Пікірлер