Нұр-Мүбарак университетінің студенттері оқу бағдарламасынан тыс уақытта да білімді арттырудың жолын жан-жақты қарастырған. Жатақханадағы студенттер «Раббым, білімімді арттыр!» деп аталатын интеллектуалды сайысты дәстүрге айналдырған болатын. Әбу Ханифа, Шафиғи, Малики, Ханбали топтары болып бөлініп Құран, фиқһ, ақида, сира, араб тілі, шет тілі, тарих, тұлғалар, дәстүр, мақал тақырыптары бойынша сайысты. 10 турдан тұратын тартысты білім бәйгесінде әрбір төрт тур сайын бір топ ойыннан шығарылып отырды.
Жоғары курс студенттерінен құрылған қазылар алқасы: Ә. Әуезхан, Б.Бекарыс, Е.Кудеров, Ж.Рақымбердиев шынайы білімділерді таңдау үшін біраз бас қатырды. Нәтижесінде: І орын – Ханбали тобы (310 ұпай), ІІ орын – Әбу Ханифа тобы (229 ұпай), ІІІ орын – Шафиғи, IV орын – Малики тобы иеленді. Жатақхананың тыныс-тіршілігін жандандырған білім сайысын ұйымдастырып кейінгі толқынға үлгі көрсетуші төртінші курс студенттері бұндай дәстүрдің сақталатындығына үміт артып отыр.
Пікірлер