Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент:  ДСАК арасында Құран жарысы ұйымдастырылды
04 желтоқсан, 2018 жыл 180 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Имам Ағзам» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт  айында ДСАК арасында «Құран мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы болып өтті.

Жарысқа Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев қатысып, қасиетті Құран Кәрімнің мағынасы мен иләһи кітап екендігіне ерекше тоқталып, әңгімелеп берді.

Шараға Шымкент қаласы орталық мешіттінің ұстаздары Мейірбек Сәрсенбаев,  Осман Өзташ және «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Біләл қари Қалқымұлы тәжірибелі һәм қасиетті Құранды жаттаған қари төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша топ жарған 1-орынды «Нарымбай ата» мешітінен келген М.Мирсадыков 100 000 теңгеге ие болса,  2-орынды «Сайрам Жәми» мешітінен келген Ш. Артықбаев  70 000 теңге, ал 3-орынды  «Айқап» мешітінен келген Ә. Мамыт 50 000 теңге көлемінде қаржылай және алғыс хатпен марапатталды.

Жалпы мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары ДСАК арасында  ұйымдастырылған жарысқа 50 қари қатысып, өкілдіктің ынталандыру алғыс хаты табыс етілді.

Айта кету керек, аталмыш мешітке жуырда ғана ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен жас маман, әрі ұстаз Нұрлан Бақытжанұлы имам болып тағайындалған болатын.

Айтулы шара соңында 150 адамға мейрамханада арнайы дастархан жайылып, Мәуліт хұтбасы оқылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары