
Бүгін Республикалық ақпараттық-насихат тобының РАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай елді мекені «Нұр Төбе» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» атты дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді.
Дәстүрлі кешкі уағызды белгілі имам, РАНТ мүшесі, дінтанушы-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жүргізді.
Мешітке келіп уағыз тыңдаушылардың қатары толы болды. Уағыз барысында қасиетті Мәуліт мерекесінің қадір-қасиеті, Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауапты берді.
Кездесуге «Нұр Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жамишев ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.
Пікірлер