ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрында « Сағындым сені, я Расул Алла» атты рухани кеш өтті.
Рухани кеште Құран оқылып, мешіт имамдары мәуліт оқып, салауат айтты. Өкіл имам Смайыл Сейтбеков Пайғамбардың өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтты. Арнаулы шараны пайдалана отырып өкіл имам асыл дініміздің насихатталуында үлкен үлесін қосып жүрген БАҚ өкілдеріне, «Ақ Жол жастар қанатына», Дзюдо және қазақ күресінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қ.Темірханұлына, спорт мектебінің жаттықтырушысы С.Мұқашұлына алғыс хатпен сыйлықтарын табыстап, өз ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, «Дін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау орталығының» басшысы Б.Байталасов барша мұсылман қауымын Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Пікірлер