Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елбасы 50 жылдан кейінгі ұрпаққа аманат хат жазды
01 желтоқсан, 2018 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына - 10 жыл. Осыған орай бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. Салтанатты жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат жазып берді.

Шара барысында Зияткерлік мектебінің оқушысы Тұңғыш президент күні алғашқы Зияткерлік мектепке уақыт капсуласын табыс еткіміз келеді деді. Осыған байланысты ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Зияткерлік мектептердің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінді.

Мемлекет басшысы болашақ ұрпаққа хат жазып берді.

«Бұл 2068 жылғы ұрпаққа арналған хат. Қазақта «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар. Ол кезде жаңа технологиялар болады, адам деген 100 жыл, 120 жыл жасайтын болады. Сонда Құдай бұйыртса ашасыңдар да, мына хатты оқисыңдар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хатты жазып, капсулаға салып болған соң Елбасы оқушыларға «хатты сақтап қойыңдар, оны ешкім алып кетпесін» деп қалжыңдады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары