Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау облысына қарасты мешіттердің имамдары есеп беруде
30 қараша, 2018 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Бүгін мұнайлы мекенге қарасты барлық мешіттердің бас имамдары орталық «Иманғали» мешітінде жылдық есеп берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұровқа есеп берген имамдар мүфтият бекіткен негізгі төрт бағыт, яғни, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралар және сауат ашу жұмыстарын жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Имамдардың есебіне оң баға берген өкіл имам Батыржан қажы Мансұров халық ағарту және теріс ағымдармен күрес бағытындағы жұмыстарды нығайтуды міндеттеді.

Айта кетелік, асыл дінімізді насихаттау, халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінгі таңда облыстағы 30 мешітте 71 дін қызметкері қызмет етуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары