Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында Түркістан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу оталығы» ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты ауыл тұрғындары мен қоғамдық ұйым қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті.
Жиында аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев жүргізді. Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталық қызметкері Файзулла Тайтелиев кереғар радикалды ағымдар туралы түсінік беріп, оның зардаптары жайында нақты фактілермен дәлелдеп, көпшілікке насихат айтты.
Ашық форматта өткен жиында кейбір ауыл тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жиын барысында тақырыпқа қатысты бейне ролик көрсетіліп, көпшілік қауым кереғар ағымдардың зияндығын жан-жақты ұғынып, тарқасты. Жиынға жалпы 430 кісідей қатысты.
Пікірлер