
«Тұңғыш Перзидент күні» қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Елбасының анасына сағынышы» атты кеш өтті.
Шараға облыстық Дін істері басқармасының мамандарымен қалалық мәслихат депутаты, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі М.Бақытқызы қатарлы тұлғалар және жастар қатысты. Шара барысында студенттерге ақ дастархан жайылып, Елбасының өмірінен бейнеролик көрсетілді.
Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:
«Елбасының ұлағатты өмірі барлық жастарға үлгі. Елбасымыздың жетекшілігімен еліміз алға басып, қарқынды дамып келеді. Рухани еркіндікке ие болып асыл дінімізді дамытып жатырмыз, бұның барлығы Елбасының ерен еңбегі және Тәуелсіздіктің сыйы» дей келе, жастарға елге, отанға қызмет ету жайлы тағылымды насихат айтып берді.
Жиында Өскемен қалалық мәслихат депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі М.Бақытқызы жастарға отансүйгіштік және білім алудың маңыздылығын жеткізді.
Пікірлер