
Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Аққулы ауданы орталығы, Аққу аулында өткен «Аудандық ақсақалдар форумына» қатысты.
Аққулы аудан әкімдігінен ұйымдастырған бұл форумға жергілікті басшылар, облыстық ардагерлер ұйымы және басқа да арнайы ұжым- мекемелер өкілі, ауданға қарасты барлық ауылдардан белсенді ардагерлер мен ақсақалдар өкілі арнайы шақыртумен қатысты.
Қазыналы қарттардың басын қосқан бұл жиында аудан әкімі Әйткенов Ернұр Ермұқанұлынан кейін сөз алған өкіл имам:
«Бұл форумның мақсаты - ақсақалдарды қоғамдағы өткір мәселелерге араластырып, түйткілдердің шешу жолдарын бірлесіп іздеу болып табылады деп түсінемін. Бір мемлекеттің ақсақалдары жаман болса, ол мемлекеттің жастары да жаман болады. Ал енді ол елдің ақсақалдары мықты болса, ол мемлекеттің жастары да мықты болады. Себебі ол үлгі тұтарлық деңгейде болады»,- дей келе ақсақалдардың діндегі рөлі - олардың белсенді болуымен, қолында Құран, жүрегінде иман, тілінде кәлима болуымен, жастарға үлгі болып, айтқан сөзін өткізе алатынмен өлшенетінін тілге тиек етті.
Мәмілелі де нәтижелі болып өткен форум соңында жайылған ақ дастархан басында өкіл имам ақсақалдарды Мәуліт айымен құттықтап, Құран бағыштады.
Пікірлер