
Өскемендегі «Өзара іс-қимыл-бейбітшілікке бастар жол» атты конференция болып өтті. Жиынды Шығыс Шазақстан облыстық Дін істері басқармасы ұйымдастырды.
Конференцияға Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы, дінтанушы ғалым Мұхан Исахан және облыстық мемлекеттік органдармен діни бірлестік жетекшілері, ғалымдар қатысты.
Жиында Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы «Өзара іс-қимыл - бейбітшілікке бастар жол» атты тақырыпта мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндама жасап:
«Деструктивті діни ағымдарға қарсы барлық мемлекеттік органдар әсіресе құқық қорғау органдары мен діни бірлесіктер бірлесіп, бір мүддеге тоғысып, бір ғана мақсатпен жұмылып күресу керек. Сонда ғана үлкен нәтижеге жетеміз. Барлығымыздың мақсатымыз еліміздегі бейбітшілікті баянды ету. Сондықтан осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың іске асуына үлес қосу бағытында қызмет атқарудамыз»,- деді.
Конференцияда бірқатар ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен мемлекеттік органдардың мамандары пікір алмасып, өзара іс-қимылдың форматын жетілдіру турасындағы ойларын ортаға салды.
Пікірлер