Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
 «Иман» журналының жаңа саны
29 қараша, 2018 жыл 236 Басып шығару нұсқасы

Басылымның желтоқсан айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша танысыңыз. Журнал «Отанды сүю – иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіз ел ертеңі - гүлдену» деген мақаласымен ашылады. «Тарихи тағылым» айдарымен «Хан Кененің ғазауаты», «Тәпсір» айдарымен ««Мүжәдәлә»  сүресі» (жалғасы), «Ақиқатын айтсақ» айдарымен «Қазақ халқының әдебиет өнері туралы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Шежіре тарату», «Зерде» айдарымен «Түркістанның ежелгі тарихы», «Ғибратнама» айдарымен «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт анасына берілуі», «Балаларға базарлық» айдарымен «Дұшпандарды бездірген дауыл», «Құлшылық» айдарымен «Таһажжуд намазының уақыты», «Ғибрат» айдарымен «Садақа бересіз бе?», «Уағыз» айдарымен «Сынақтан  сүрінбеген  сахабалар», «Өнеге» айдарымен «Жақсылық  жасаңыз», «Парыз» айдарымен «Намаз оқы, ісің оңға басады», «Адаспа, ағайын!» айдарымен «Мешіт  неге қиратылды?..», «Сахих хадистер» айдарымен «Шынайы ықылас пен ниет», «Отан отбасынан құралады» айдарымен «Шаңырағыңыз шайқалмасын!..» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Сүйсініс» айдарымен «Қандай  әйел жақсы?», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Некесіз туылған бала шайтанның әскері ме?», «Данадан үйрен» айдарымен «Бір кем дүние», «Даналық» айдарымен «Екілік  бап», «Тарихтан тағылым» айдарымен «Селжұқ Ислам мемлекеті», «Білгенге маржан» айдарымен «Үш жұрт», «Тарихи тұлға» айдарымен «Сәмеке (Шахмұхамбет) хан», «Дерек-дәйек» айдарымен «Ащы шындық», «Cіз білесіз бе?» айдарымен «Алаштың астанасы Семей», «Хикаяттар» айдарымен «Түстегі тістің әлегі», «Тарихи тұлға» айдарымен «Әнет баба», «Ой салу» айдарымен «Мөңке бидің түсі», «Қазақы құндылық» айдарымен «Сыйға сый...», «Ұлылар ұлағаты» айдарымен «Денсаулықты  қадірле», «Кеңестер» айдарымен «Миыңыз белсенді болуы үшін», «Шипа Алладан» айдарымен «Асқазанның үш емі» деген танымдық мақалалардың да оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2019 жылға жазылудың аяқталып келе жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталған еді. Биылдан бастап біршама қымбаттатуға тура келді. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. Былтырдан бастап үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Алматы қаласы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылып, оны алуына болады. Бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С   KZ 288560000005684077

АО    «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE  17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі 12.

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары