
Мәулет мерекесіне арналған жиынды өкіл имам Смайыл Сейтбеков ашып, «Бұл мерекенің басты мақсаты Пайғамбарымыз Мұхаммед іс-әрекеттерін насихаттау, сүннетін жаңғырту, салауаттар айту, жастарға имандылықты түсіндіру, оларды отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке баулу, ата-ананы құрметтеуге шақыру болып табылады»,- деді және «Пайғамбарымыздың өмірін барша мұсылман қауымы білуге міндетті»,- дей келе жамағатқа Пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертетін «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітабын сыйға таратты, сонымен қатар Қазақ Әли мауліт оқып, қадірлі Лепес қажы ақсақал ақ батасын берді.
Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман саулық тілесіп тарқасты.
Пікірлер