
Жаңаөзен қаласы «Әбіш Қожа» мешітінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Әйелдер қыздар секторының жетекшісі Г.Джумағалиева мен мешіт ұстазы Д.Усибалиеваның бірлесіп ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында Мәуліт кешіне арналған рухани жиын өтті.
Жамағат салауат айтудан жарысқа түсіп, I-орынды мешіттің тұрақты жамағаты Өтегенова Жәмиля апамыз Ислами нақыштағы сағат ұтып алса, қалған қатысушыларға «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерімізде да сауаптан қапы қалмай, Алла елшісіне деген махаббатын өлең-жырлармен жеткізді.
Жиын соңында жамағат мерекелік дастарханнан дәм татып, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жеткізді.
Пікірлер