«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, Талғардағы «Нұр» балалар үйіне Нұр-Мүбарак университетінің Жастар комитетінің ұйымдастыруымен бір топ студент ат басын тіреді. Ағаларын көрген 40-шақты баланың қуанышында шек болмады. 1-курс студенті Б.Темірлан арнайы цирк ойыншыларының киімін киіп, балаларға керемет ойындар ойнатты. Балалар мәз-майрам болып, таң-тамаша болысты. Тұяқ апа да ризашылығын білдіріп, батасын берді. Студенттер тек балаларға ойын ойнатып, көңілдерін көтеріп қана қоймай, жетімдер үйінің ауласын тазартып, жинауға белсене ат салысты.
Қоғамда қандай да бір жетім болса, сол елдің азаматтарына, адамдарына сын. Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де теңізге тамшыдай болса да өз қолдауларын білдіріп, балаларға мереке сыйлады.
Пікірлер