
Өткен аптада Сырым ауданының орталық мешітінде Мәуліт атап өтілді. Мерекелік шарада Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов уағыз айтты. Кейін қалалық мешіттің бас имамы аудан жастарымен жүздесті.
Алланың елшісінің өмірін өнеге ету мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты рухани кеш өтті. Кештің басында аудандық мешіттің наиб имамы Ж.Ерсайынов Құран мен Мәуліт оқыды.
Жымпиты халық театры сахналаған «Мейірімді қыз» қойылымы көрермендерге үлкен ой салды. Кешті Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы А.Ералиев қорытындылады.
Осындай игі шара Орал қаласындағы Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінде өз жалғасын тапты.
Пікірлер