
Ел мешіттерінде Мәуліт айына орай бірқатар қайырымдылық шаралары мен рухани бағдарламалар легі жүзеге асырылуда. Елорда мешіттері де бұл үрдісті жалғастырып, қала руханиятына көрік беретін айшықты іс-шаралар өткізуде.
Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай, көп балалы, мұқтаж отбасыларынан шыққан 60 баланы «Чапан» дәмханасына жинап, мерекелік дастархан жайды.
Дастархан басына мешітіміздің Бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтап, бүлдіршіндермен білім алу, жақсы азамат болу хақында ой толғамдарымен бөлісті. Наиб имам Әділхан Серікбай мен ұстаз Ілияс Отаров балалармен салиқалы сұхбат өткізіп, бүлдіршіндерге ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу, жақсы білім алу турасында әңгімелеп берді.
Сонымен бірге, іс-шара соңында 180 мың теңге көлемінде қаржылай мерекелік сыйлық барлық балаларға бөліп берілді.
Пікірлер