
Бүгін Астана төріндегі «Қазақстан» орталық концерт залыңда Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты кезекті VIII форумы өтті.
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Б.Арын:
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Шойкин, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры О.Жалаири, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, белгілі Қазақстандық дінтанушы ғалымдар, ҮЕҰ мен діни бірлестіктердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның мазмұнды бөлігі екі секциядан тұрды: «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы қазақстан дінтанушыларының рөлі» және «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы». Форум барысында Қазақстандағы діни ахуалға, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстандық исламтану мектебінің қалыптасуы және тағы басқа көптеген негізгі мәселелер талқыланды
Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның алдыңғы қатарлы дінтанушыларын марапаттау рәсімі өтіп, тұжырымдамалық ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы» баяндама таныстырылды.
Атап өтетіні, Қазақстан дінтанушыларының форумы отандық ғалымдарды, дін саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін интеграциялау үшін тұрақты жұмыс істейтін тиімді пікірталас алаңы ретінде еліміздің игілігі үшін өзінің лайықты үлесін қосып келеді.
Пікірлер