
Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлының басшылығымен облыс имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.
Алқалы жиында облыстағы аудан, қала мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады.
Жаңа нұсқа бойынша жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни меркелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы, «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми сайты «asyldin.kz» сайтының жұмыстары, «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстары, және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.
Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты бас имам Данияр Әлимұхамедұлы жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар, осы тыңдалған жылдық қорытынды есебінің ішінде Тараз қаласының, Сарысу және Қордай аудандарының атқарылған жұмыстары ең үздік деп танылып, жоғары бағаланды.
Жиналыс соңында бірнеше қызметкерге мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. Және «Халал даму» ЖШС-нің Жамбыл облысы бойынша өкілі Миразизов Нұрматжан ағамызға да мақтау қағазы берілді.
Пікірлер