ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан Қызылордалық студенттермен кездесті.
Кездесуде өкіл имам облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бюджеттен тыс жолдармен қарастыру арқылы 20 шәкірттің оқу ақысын төлеуге аударған қаражатын бөліп беріп, студенттерге аймақ басшысының сәлемін жеткізді.
Сапар барысында Болатбек Ұласқанұлы университет ректоры профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди мырзамен кездесіп, жаңа қызметімен құттықтай келе, сәттілік тіледі. Ректор өз кезегінде, аймақ басшысы мен өкіл имамға білім жолындағы шәкірттерге білдіріп жатқан қамқорлықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Пікірлер