
Бұған дейін Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұровтың жастар жамағаты арасында ілім бәйгесін жариялағанын хабарлаған болатынбыз. Жақында бұған дейінгі іріктеу кезеңінен өткен он тоғыз жас екінші турдан өту үшін сынақ тапсырды.
Ілім сайысының қорытындысы бойынша, Серболат Байжанов, Шахзод Досанов, Берік Мадияров және Әділжан Қаламғалиев үшінші кезеңге өтті. Фиқһ кітабы бойынша тест тапсырған шәкірттер енді үшінші айналымда Құран кітабы негізінде сынақ тапсырып, ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беретін болады.
Айта кетелік, ілім сайысының қорытындысымен жеңімпаздарға арнайы сыйлық табыс етіледі.
Пікірлер