Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алтынбек Ұтысханұлы Павлодар облысында
26 қараша, 2018 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның бөлім бастығы Алтынбек Ұтысханұлы Павлодар облысында болып, қалалық «Достық» үйінде қала, аудан имамдарына семинар-тренинг өткізді. Семинарға облыстық Дін істері басқармасы басшылары мен қызметшілері де қатысты.

Семинар барысында А.Ұтысханұлы жергілікті ақпараттық насихат тобының жұмысымен танысып, ары қарай атқарылатын іс-шаралар бағыты, ЖАНТобын жетілдіру, көтеру, әртүрлі иләһи іс-шараларды атқару тәсілдері туралы нұсқаулар мен кеңестер берді. Қасиетті жұма күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жамағатқа Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының шеңберінде уағыз айтып, жұма намазын жүргізген  Алтынбек Ұтысханұлы келесі кезекте Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық  Университеті студенттерімен кездесті.

Сонымен қатар, Екібастұз қалалық  мешітінде болып қалалық мешітінің жамағаты, аталмыш ауданға қарасты ауыл имамдары, жергілікті ақпараттық насихат тобы мүшелері, қалалық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы қызметшілеріне уағыз-насихаттар айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары