Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас имам Батыржан қажы Мансұров "Ислам және отбасы" тақырыбында кездесу өткізді
26 қараша, 2018 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

Өндірістік аймақ - Мақат кентіне жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жергілікті Мақат жұртшылығымен кең форматта кездесу өткізді.

"Ислам және отбасы" тақырыбына арналған кездесу жергілікті Мақат мәдениет үйінде өтті. Салиқалы сұхбат жүргізілген жиынға зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаттары және жастар қатысты.

"Ислам дінінде отбасының маңызы ерекше. Жанұяда әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр келмейді" деген  Бас имам Батыржан қажы Берденұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ислам және отбасы" жылы аясында атқарып жатқан жұмыстары, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы кеңінен мәлімет берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары