
Қасиетті жұма күні жылдағы үрдіс бойынша, «Нұр Астана» мешітінде Мәуліт оқылды. Жұмаға жиналған жамағатқа мешітіміздің Бас имамы Асқар Мұқанов Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызына қысқаша тоқталып, жиналған жамағатқа Пайғамбармыздың (ﷺ) өнегелі өмір жолынан құнды мағлұматтар мен тағылымды тағдырынан өрнек болар уағыз-насихат айтты. Сонымен бірге, «Сәдауақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов арнайы Мәуліт оқыды.
Жиналған жамағат Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтып Алла Елшісіне (ﷺ) деген сағыныш пен махаббатын білдірді.
Мерекеге орай, жұмаға жиналған жамағатқа құрма үлестіріліп, әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес құрамдағы отбасылардан шыққан 20 балаға он мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп сөмкесі табысталды.
Пікірлер