Павлодар қалалық мешіттерінің кезекті бейсенбілік ауызашары «Ақмешіт» мешітінде жалғасын тапты. Облыстық ардагерлер ұйымының ұжымы, мешіт қамқоршылары, танымал ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер майталмандары бас қосқан ауызашарға 200-ге жуық жамағат жиналды. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінен уағыз айтып, Құран бағыштады. Ал «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы иманды азаматтардың демеушілігімен қызметтік ноутбук аппаратын Мәуліт мерекесі құрметіне «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі ұжымына табыс етті.
«Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың ﷺ әміріне мойынсұнып, тиымынан тиылуға түрткі болғай»,-деді имам Нұрлан Евфратұлы.
Пікірлер