Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ИЫҰ Бас хатшылығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер дипломаттарының бағдарлық бағдарламасы өтті.
Ашылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлімнің Директоры, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Асқар Мусин, Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы, ИЫҰ-ның бас хатшысы Файсал Абро, Қазақстан Республикасындағы Пәкістан елшісі Имтияз Ахмад Кази, Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлібек Бақаев пен 25 мемлекеттен келген аталмыш шараның қатысушылары болды.
Аталмыш бағдарламаға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстандағы шет елдік дипломатиялық корпустардың өкілдері және белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Шара терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау мен қоғамды радикализациялау, бірлескен стратегиялар және шараларды әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адам құқықтарын және заңның үстемдігін қамтамасыз ету салалары бойынша озық тәжірибемен алмасуға жол ашады. Бағдарламаның қорытынды бөлімінде қатысушылар өз ой-пікірлерін және ұсыныстарымен бөлісті.
Пікірлер