Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Наиб мүфти Н.Тағанұлы республикалық конференцияға қатысты
21 қараша, 2018 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың конференц залында "Зайырлылық - қоғамдық келісім кепілі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Н.Тағанұлы, "Нұр-Мүбарак" ЕИМУ проректоры, PhD Қ.Құрманбаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Ұласқанұлы, қалалық және аудандық мешіт имамдары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов пен басқарма қызметкерлері, облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры Б.Камалов, АТТ мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті С.Оразбай, психология ғ.к. А.Аяғанова, "Қоғамдық келісім" КММ-нің директоры, тарих ғ.к. У.Ибраев, философия ғ.д. Б.Қожамберлиев, сонымен қатар учаскалық және ювеналдық полицейлер, «Зайырлылық және дінтану» пәні мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысып, тақырып аясында қоғамдағы өзекті мәселелердің түйінін жан-жақты зерттеу арқылы оларды тиімді шешу жолдарын талқылады.

Мәжілісіте наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің «Исламдағы толеранттылықтың ролі мен маңызы» тақырыбында баяндамасында толеранттылықтың озық үлгісі бола білген Пайғамбарымыздың өнегісі мен өмір-салтын алға тартса, ғалым Қ.Құрманбаев «Жастарға діни білім берудегі Отандық оқу орындарының әлеуеті мен маңызы» тақырыбында баяндама жасап, діни білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қозғады.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген республикалық конференция соңында сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары