Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс имамдарының жылдық қорытынды жиналысы болып өтті. Биылғы жылғы жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, келер жылға келелі жоспарлар түзілетін жылдық төралқа жиналысында Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдарының есебі тыңдалды.
Осы орайда, қорытынды жиналыста сөз алған мешіт имамдары жыл бойы жүргізілген уағыз-насихат жұмыстарының жалпы саны мен қамтыған көлемі жайлы кеңінен ақпарат беріп отырды. Сондай-ақ, қайырымдылық шаралары мен жалпы қаражат көлемі де көрсетілді. Дін қызметкерлері діни сауат ашу сабақтарының да қарқынды жүріп жатқандығын жеткізді. Мешіт имамдары уағыз-насихаттық кездесулер есебіне тоқталды. Осылайша, облысымызға қарасты барлық имамдардың биылғы жылы атқарған жұмыстарын тыңдаған Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа барлықтарына өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Пікірлер