
Бүгін Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында діни кадырлардың біліктілігін арттыру курсы басталды.
Курстың ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласы бойынша өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқарма басшысы Мұрат Смағұлов, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Мұқанов, ҚМДБ-ның Діни білім және кадыр дайындау бөлімнің бас маманы Марат Жаппасбаев, «Әлжан Ана» мешітінің Бас имамы Қалижан Заңқоев қатысты.
Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:
Наиб мүфтидің мәліметінше, аталған курс еліміз бойынша 3 қалада өткізіліп жатыр. Ал, бүгін Астана қаласында басталған біліктілікті арттыру курсына 8 өкілдіктен 80 имам қатысып отыр.
ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқарма басшысы Мұрат Смағұлов:
Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Мұқанов имамдарды бұл реткі курстың мән-жайымен таныстырды. Сондай-ақ, курсқа қатысушылардың «Әлжан Ана» мешітінен өндірістік практикадан өтетінін атап өтті.
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің қолдауымен және қаржыландыруымен өткізіліп жатқан бұл реткі діни кадырлардың біліктілігін арттыру курсы 20 күнге ұласыды деп жоспарлануда.
Пікірлер