Сауат ашу курсын тамамдаған қыз-келіншектер «Ясин» сүресін толық жаттап, жарыса түсті. Келуші қыздардың Құранға деген махаббатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысты облыстың орталық мешітінің ұстазы Г.Джумағалиева ұйымдастырды. 30-ға жуық қыз келіншек өтініш білдіріп, алғашқы 3 жүлделі орындар өз егесін тапты, айтар болсақ, I- орын Мусина Гүлназ 100 000 теңге, II орын - Махатай Аян 75 000, III орын- Жауынбай Нұрсұлу 50 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды. Игі шараға Мұнайлы ауылдық мешітінің бас имамы Муталиев Айдос, медресе ұстаздары Режепов Ерболат және Әділбек Мади қазылық етті. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Пікірлер