Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Тарихи мешіт қайта қалпына келтірілді
19 қараша, 2018 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Бірнеше айдан бері Темір қаласындағы тарихи мешітте қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына демеушілікпен 16 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалып, жуырда аяқталды.

Кеше өкіл имам Төлеби Оспан ғасыр толған мешіттегі салтанатты шараға қатысты. Тарихи сәтке аудан әкімі Ж.Нұрланұлы және қала тұрғындары да куә болды. Аудан әкімі құрылысқа қаржылай және материалдық тұрғыда қолдау көрсеткен азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Өкіл имам Төлеби Оспанның иығына шапан жауып, ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін еткен қызметіне ризашылығын жеткізді.

Сапардың жалғасында өкіл имам Кеңқияқтағы мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Бүгінде 2 қабатты ғибадатхана толықтай қаланып, төбесі жабылған. Ішкі сылақ, сырлау, басқа да жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мешіт 1000 адамға арналған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары