Апта басында облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Ертіс ауданында болды. Өкіл имам әуелі аудан әкімі Батырғожинов Серік Барлыбайұлымен арнайы кездесіп, аудандағы діни ахуал және әлеуметтік мәсеселері жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде өкіл имам ҚМДБ-нан атқарылып жатқан іс шаралар, бағыттар мен жоспарлары туралы айта келе алдағы уақытта аудан әкімімен тығыз байланыста жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
Келесі кезекте өкіл имам Ертіс ауданы орталық «Ержан» мешітінде ауыл имамдарымен кездесті. Кездесуде аудандағы діни ахуал, оқу-ағарту, уағыз-насихат, зекет, теріс ағымда жүрген азаматтармен жұмыс істеу т.б көптеген мәселелер жайлы сөз қозғады. Осы аталған мәселелер бойынша имамдарға тапсырмалар беріліп, белсенді жұмыс атқару керектігі айтылды. Оған қоса өкіл имам дәстүрлі дінімізден тыс жүрген азаматпен арнайы сұхбаттасып, ақыл- кеңесін берді.
Пікірлер