
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре бесін намазынан соң жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты. Астана қаласына арнайы іссапармен келген РАНТ мүшесі алғашқы кездесуі Бас мешіттен бастады.
Бас мешіт мінберіне көтерілген ғалым есігімізден енді кірген Мәуліт (Рабиғ әл-әууәл) айының құрметіне орай «Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жақсы көру» тақырыбында уағыз айтып, ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратқа толы ғұмырынан сыр шертті.
Пікірлер