
Елбасының бастамасымен латын әліпбиіне көшу қарқын ала түсті. Бүгін елімізде бүкілхалықтық диктант жазу күні ретінде есте қалды. Бұл игі шараға әкімдер де, қарапайым адамдар да белсене атсалысты.
Осы күні Науан хазірет мешітіндегі латын әліпбиімен қазақша диктант жазуға облыс орталығындағы барлық мешіт имамдары, ұстаздары қатысып, өздерінің сауаттылығын бір сынақтан өткізді. «Шалқар» радиосы арқылы онлайн жүйеде жүргізілген шара көптің көңілінен шықты.
Латын жазуына көшу - қазақ тілінің мәртебесін көтеруге айқара жол ашады. Тіл тазалығы өз алдына, терминдік ұғымдар да бір арнаға түспек. Дін адамдары да осы көштің алдыңғы легінен табылатын болады.
Пікірлер