Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алғашқы қоғамдық кітапхана
14 қараша, 2018 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Күн сайын қаладағы қо­қыс жәшіктеріне тасталған кітаптарды көру атыраулық тарихшы Вячеслав Афа­насьевқа ауыр тиетін. Бір күні белгілі меценат, «Бы­лина» орыс этномәдени бір­­лестігінің төрағасы Ан­д­рей Кораблевқа «Осы кітап­тардың бәрін бір жерге жинау мүмкін болса» деген ойын айтады. Идеяны кәсіпкер де қолдай кетті, соның нә­ти­жесінде Атырауда ал­ғаш рет халықтық кітап­хана ашыл­ды. 

Облыс орта­лы­ғын­да­ғы «Колизей» ЖШС ғи­­­маратынан орын ал­ған кі­тапханаға қазірдің өзінде алты мыңнан астам кітап жи­налған. 

– Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бағытында облыста бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Қоғамдық кітап­ха­на­­ның ашылуын да осы бағдарламамен байланыс­тыруға болады. Мұнда кез келген адам келіп, кітап оқуы­на және сыйлауына­ мүмкіндік бар. Мен де кі­тапх­анаға көрімдік ре­тінде біраз кітаптар әкелдім, – дей­ді  Атырау облысы бо­йын­­ша ҚХА төрағасының орын­басары-Хатшылық басшысы Гүлмира Шәкірова.

Қоғамдық кітапханадан сан түрлі саладағы әдебиет­терді, көркем әдебиетті та­буға болады. Тіпті мұнда сирек кездесетін кітаптар да бар. «Былина» орыс этно­мәдени бірлестігі алдағы уақытта кітапхана жанынан ашық пікірталас алаңын құруды жоспарлап отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары