Алматы қаласына қарасты мешіт жамағаттары арасында 5 айға жалғасқан футбол лигасы өзінің ақтық мәресіне жетті. Жарыс Нархоз университеті стадионында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтті.
Сайысқа 314 командадан 2600-ге жуық ойыншы қатысты. Олар аталған уақыт аралығында өзара бақ сынып, тартысты өткен сайыстың ақтық мәресіне кіл мықтылар жолдама алды. Нәтижесінде 1 орынды – Медеу ауданының «Нұрлы» мешіті, 2 орынды – Әуезов ауданының «Мүзаммиль» мешіті, ал үшінші орынды – Жетісу ауданының «Али-Мұхаммед» мешіті иеленді.
Жеңімпаздарды Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Айдар Есенбек және Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы диплом, медаль, кубоктар, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жеңімпаз командаға 1 млн теңге табысталды. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға да мақтау қағаздары мен сыйлықтар тарту етілді.
Пікірлер